Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Толғатқан әйеліне асыққан теннисші АҚШ-тағы жарысты орта жолдан тастап кетті

Опубликовано:

Теннис добы
Теннис добы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Чилилік теннисші Николас Харри Цинциннаттидегі "Мастерс" турнирін жалғастырудан бас тартты. Бұл туралы rsport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Николастың мұндай қадамға баруына әйелінің толғағы себеп болған. Ол екінші сәбиін босанғалы жатқан әйеліне жету үшін жарыстан бас тартып, Чилиге ұшып кетті.

Турнир барысыннда ол ресейлік Роман Сафиуллинді жеңіп, екінші айналымда австралиялық Алексей Попыринмен кездесуге тиіс еді.

"Құрметті достар, бүгін жеке мәселелер бойынша Цинциннатидегі турнирден бас тартуға тура келді. Екінші баламызды босанатын әйеліме көмектесу үшін, Чилиге жол тарттым. US Open турниріне оралып, жылды жақсы аяқтауға үлкен мотивациямен келерім сөзсіз. Қолдауларыңызға рахмет", - деді теннисші.

Айта кетелік, Николас Харри 1976 жылғы Дэвис кубогінің финалисті Хайме Фильолдың немересі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2032689-tolgatqan-aieline-asyqqan-tennissi-aqs-tagy-zarysty-orta-zoldan-tastap-ketti/