jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан намысын қорғайтын кениялық атлет әлем чемпионатында мәреге жете алмай қалды

    Каролин Чепкоеч жарыстан кейін
    Каролин Чепкоеч. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Венгрия астанасы Будапешт қаласында жеңіл атлетикадан XIX әлем чемпионаты басталды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

    200 астам елдің спортшылары бақ сынап жатқан додада Қазақстанның намысын 8 атлет қорғауда.

    Бүгін 10000 метр қашықтыққа жүгіруде Каролин Чепкоеч Кипкиру өз өнерін ортаға салды. Жарыс жолына 22 спортшы шығып, қазақстандық жеңіл атлет мәреге дейін жете алмады. Осылайша ол соңғы орынмен шектелді.

    Ал тұғырдағы барлық орын эфиопиялық желаяқтарға бұйырды. Олимпиада жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы Гудай Цегай дүниежүзілік доданың үшінші алтынын алса, Летенсбет Гидей күміс, Эйгайеху Тайе қола жүлдегер атанды.

    Енді Каролин Чепкоеч Кипкиру 23 тамыз күні 5000 метрлік қашықтықтың іріктеу сынында өнер көрсетіп, финалға өтудің амалын іздейді.

    20 тамыз күні жарыс жолына еліміздің атынан Давид Ефремов шығады. Ол 110 метрге кедергілермен жүгіруде бағын сынап көреді. Іріктеу бәсекесі Астана уақытымен 17:05-ке жоспарланған.

    Сонымен қатар, алдағы күндері 35 шақырымдық спорттық жүрісте Галина Якушева, 42 шақырымдық марафонда Жанна Мамажанова, 3000 метрге кедергілермен жүгіруде Дэйзи Джепкемей және биіктікке секіретін Надежда Дубовицкая, Кристина Овчинникова, Елизавета Матвеева жүлделер үшін таласатын болады.

    Әлем чемпионаты 28 тамызда аяқталады.

    Қазақстан намысын қорғайтын кениялық атлет әлем чемпионатында мәреге жете алмай қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.