Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сіңірі тартылып қалды": кениялық легионердің әлемдік сында мәреге жете алмай қалуының себебі анықталды

Опубликовано:

Каролин Чепкоеч жеңіске жеткен сәті
Каролин Чепкоеч. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Венгрия астанасы Будапештте жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан командасының бас бапкері кениялық легионерге қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды федерацияның ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

10000 метр қашықтыққа жүгіруде Каролин Чепкоеч Кипкиру 22 спортшының арасынан ең соңғы орын алды. Ол мәреге жете алмай қалған.

Команда бас бапкері Дмитрий Карповтың айтуынша, мұның өзіндік себебі бар.

"Каролинге қатысты қауесеттерге сенбеңіздер. Жарыс кезінде оның сіңірі тартылып қалды, қазір профилактиалық іс-шаралар жүргізілуде. Бәріміз бірге жанкүйер болайық. Алға, Қазақстан", - деді бас бапкер.

Сондай-ақ Қазақстан атынан жарыс жолына шыққан Давид Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруде іріктеу сынынан өте алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2033258-siniri-tartylyp-qaldy-bas-bapker-keniyalyq-legionerdin-nelikten-zarysty-ayaqtai-almaganyn-aitty/

pixel