Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүз метрге жүгіруден әлем чемпионы атанған желаяқ тұғырда көз жасын тыя алмады (фото)

Опубликовано:

Ноа Лайз тұғырда көз жасына ерік беруде
Ноа Лайз. Фото: championat.com

Америкалық Ноа Лайз 100 метрге жүгіруден ерлер арасындағы әлем чемпионы атанды. Марапаттау рәсімінде желаяқ көз жасына ерік берді, деп жазады Championat сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ноа Лайз АҚШ әнұраны орындалған сәттен бастап көз жасын тоқтата алмады. Тек әнұран аяқталған соң сол қашықтықта күміс және қола жүлдегер атанған спортшылар қолдау көрсетіп, Лайзға тоқтау салған.

Ноа Лайз туралы жеңіл атлетика әлемі осыдан жеті жыл бұрын айта бастады. Ол 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы атанған еді.

Сондай-ақ Лайз 2019 және 2022 жылдары 200 метрге жүгіруден әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Бұл спортшының 100 метр қашықтықтағы алғашқы алтын жүлдесі.

Ноа Лайз тұғырда
Ноа Лайз. Фото: championat.com

Будапешттегі әлем чемпионатында Ноа Лайз 100 метр қашықтықты 9.83 секундта жүгіріп өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2033426-zuz-metrge-zugiruden-alem-cempiony-atangan-zelayaq-tugyrda-koz-zasyn-tyya-almady-foto/

pixel