jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    18 жастағы қазақ теннисшісі Аружан Сағандықова әлемдік рейтингте бірден 87 сатыға көтерілді

    Аружан Сағандықова
    Аружан Сағандықова. Фото: ktf.kz

    Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) спортшылардың жеке және жұптық сындағы рейтингілерінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

    Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина 4-позицияда қалды.

    Еске салсақ, өткен аптада Рыбакина Цинциннати (АҚШ) турнирінде өнер көрсеткен болатын. Алайда 1/8 финалда жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты. Юлия Путинцева бұрынғыша 79-орында тұр.

    Ал 18 жастағы Аружан Сағандықованың рейтингі бара-бара жақсарып келеді. Екі апта бұрын ол 1056-позициядан тұрған еді. Өткен аптада 958-орынға көтерілсе, қазір 871-позицияда орналасқан.

    Жұптық сында Анна Данилина екі позициясын жоғалтып, 28-інші болды. Ал Жібек Құламбаева 178-орында қалды.

    18 жастағы қазақ теннисшісі Аружан Сағандықова әлемдік рейтингте бірден 87 сатыға көтерілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.