jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    15 жастағы Әмір Омарханов теннистен ең беделді жарыста чемпион атанды

    Әмір Омарханов
    Әмір Омарханов. Фото: ktf.kz

    Теннистен Мысырдың Дакахлия қаласында жасөспірімдер арасындағы ең беделді ITF Juniors J100 Dakahlia турнирі өз мәресіне жетті. Бұл туралы теннис федерациясы хабарлайды.

    Аталған додада өнер көрсеткен 15 жастағы Әмір Омарханов жарыстың бас жүлдесі үшін өткен сайыста ресейлік Артем Богомоловпен шеберлік байқасып, аса тартысты бәсекеде 5:7, 6:1, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

    Финалдық сайысқа дейін Әмір қарсыластарына бірде-бір сет бермей қапы қалдырғанын айта кеткен жөн.

    Отандасымыз осы жеңісінің арқасында жасөспірімдер арасындағы ITF рейтингінде бірден 66 саты жоғарылап, 198-орынға көтеріліп алды.

    Сондай-ақ Қарағанды теннис мектебінің түлегі бұл күндері Мысырдағы тағы бір үлкен жарысқа қатысып жатыр. Ол кеше Каирдегі J 100 турнирінің екінші айналымында жергілікті теннисшіден 6:1, 6:3 есебімен басым түсті.

    15 жастағы Әмір Омарханов теннистен ең беделді жарыста чемпион атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.