Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз ойлағандай болмады": нысана көздеуден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын медальсіз аяқтады

Опубликовано:

Нысана көздеуден құрама мүшесі
Нысана көздеуден құрама мүшесі. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Әзербайжан астанасында нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатында пневматикалық винтовкамен оқ атудан соңғы жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Әйелдер арасында 50 метрден жатып нысана көздеуден жекелей сында Елизавета Безрукова 29-шы (617.9 ұпай), Арина Алтухова 35-ші (615.8 балл), Анастасия Григорьева 57-орын (599.4 балл) алды. Осылайша, 3 спортшының көрсеткішін қосқанда Қазақстан әйелдер құрамасы 13-сатыдан көрінді. Жалпы есепте Аня Сенти (Швейцария) чемпион атанса, Марианна Пало (Финляндия) күміс, Джолин Беер (Германия) қола алды.

Ал аралас командалық сайыста (микст) Елизавета Безрукова мен Юрий Юрков жұбы 24-орынға тұрақтады. Олар, яғни, Қазақстан-2 құрамасы 1228.8 ұпай жинады. Былтырғы әлем чемпионатында жүлдеге бір табан жетпей тоқтаған Арина Алтухова мен Константин Малиновский бұл жолы 26-сатыға табан тіреді. Сайыстың бұл түрінде алтын мен күміс Швейцарияның қоржынында кетсе, үздік үштікті Қытай-1 құрамасы түйіндеді.

Ұлттық құрама спортшылары арасынан пневматикалық винтовкамен оқ атудан ең үздік нәтижені Ислам Сатпаев көрсетті. Ол финалда 4-орын алып, жүлдеге бір табан жетпей тоқтағанымен, Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді.

"Жалпы нәтиже өзіміз жоспарлағандай болмады. Бұдан жоғары көрсеткішпен елге қайтқымыз келген. Соған қарамастан Олимпиада жолдамасын аламыз деген жоспарды орындадық. Спортшыларымыз бірнеше финалда бақ сынады. Тапаншамен де, винтовкамен де нысана көздеуден жүлдеге қол созым жерде тоқтап жатты. Мұнда сынға түсу оңай емес. Қатты жел тұрады. Әлемдік көшбасшылардың өзі мүлт кетіп, орта жолда қалып кеткен кездер болды. Чемпионатқа дейін осыған ұқсас жер Габалада оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Соған қарамастан Бакудегі кешеннің өзіне тән ерекшелігі көп", - деді ұлттық құраманың бас бапкері Ольга Довгун.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2033694-biz-oilagandai-bolmady-nysana-kozdeuden-qazaqstan-quramasy-alem-cempionatyn-medalsiz-ayaqtady/

pixel