Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Опубликовано:

Нысана көздеу жарысы
Стенд атудан Қазақстан құрамасы. Фото: t.me/committee_sport

Бүгін, жұма күні Әзербайжан астанасында өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті. Бұл туралы Қазақстанның Спорт комитеті Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Стенд атудың трап бағдарламадасында Мария Дмитриенко мен Даниил Почивалов жұбы аралас командалық сында қола жүлдегер атанды. Олар 150 нысананың 141-ін дәл көздеді. Бас жүлдені тең түскен Португалия мен АҚШ құрамасы сарапқа салып жатыр", - делінген хабарламада.

Комитет ақпаратынша, бұл ретте сапында Әлішер Айсалбаев пен Айжан Досмағамбетова бар еліміздің тағы бір құрамасы 21-орынға тұрақтады. Барлығы 46 құрама жүлдеге таласқан.

Стенд атудан құрама командалар
Стен атудан құрама командалар. Фото: t.me/committee_sport

"Стенд атудан Ұлттық құрамамыз кейінгі жылдары халықаралық жарыстарда үнемі жүлделі оралдардан көрініп жүр. Биыл көктемде Алматы қаласында лицензиялық Әлем Кубогының кезеңін өткіздік. Бұл осы спорт түрін елімізде насихаттау жолындағы ауқымды жұмыстың бір көрінісі.

Ал бүгін біздің құрамамыз әлем чемпионатының жүлдесіне қол жеткізіп, Бакуде дегеніне жетті. Аралас командалық сында ұздік үштікті түйіндеген Мария Дмитриенко мен Даниил Почиваловты құттықтаймын!", - деді Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Сондай-ақ стенд атудан жарыстар аяқталғаны атап өтілді. Алдағы күндері жылжымалы нысана көздеуден үздіктер анықталады.

Комитет Әлем чемпионаты 1 қыркүйекте мәресіне жететінін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2034047-qazaqstan-quramasy-alem-cempionatynda-qola-medal-zenip-aldy/

pixel