jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық мерген қыз Зухра Ирназарова нысана көздеуден әлем чемпионы атанды

    Зухра Ирназарова әлем чемпионатында
    Зухра Ирназарова. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Нысана көздеуден Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Әйелдер арасында 10 метрден жылжымалы нысана көздеуден финалға екі қазақстандық спортшы - Зухра Ирназарова мен Александра Садуакасова шығып, бас жүлдені сарапқа салды.

    Тартысты өткен ақтық сында Зухра отандасы Александрадан 6-3 есебімен басым түсіп, әлем чемпионы атанды. Ал қола украиналық Галина Авраменкоға бұйырды.

    Айта кетелік, жартылай финалда қазақстандық спортшы әлемнің бес дүркін чемпионы атанған Украина атлетінен басым түскен.

    Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде 3 жүлде бар. Бірнеше күн бұрын стенд атудың трап бағдарламадасында Мария Дмитриенко мен Даниил Почивалов (микст) үздік үштікті түйіндеген.

    Бакудағы дода 1 қыркүйекте мәресіне жетеді.

    Қазақстандық мерген қыз Зухра Ирназарова нысана көздеуден әлем чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.