Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

US Open: Елена Рыбакина украиналық қарсыласын ойсарата жеңді

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: ktf.kz

АҚШ-та теннистен "Үлкен дулыға" санатындағы жылдың соңғы додасы - US Open турнирі өтіп жатыр. Қазақстандық Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлемнің төртінші ракеткасы Рыбакина алғашқы айналымды WTA рейтингінде 37-орында тұрған украиналық Марта Костюкпен кездесті.

Бұл матч Рыбакинаға айтарлықтай қиындық тудырған жоқ. Ол қарсыласын 2 сет қорытындысы бойынша жеңді.

Есеп - 6:2, 6:1.

Еленаның келесі қарсыласы венгриялық Панна Удварди мен австралиялық Айла Томлянович жұбының жеңімпазы болмақ.

Еске сала кетейік, турнирдің алғашқы айналымында қазақстандық Александр Бублик жеңіліс тапқан еді.

Ол австриялық Доминик Тимге есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2034353-us-open-elena-rybakina-ukrainalyq-qarsylasyn-oisarata-zendi/

pixel