Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

US Open: Юлия Путинцева алғашқы айналымда жарысты аяқтады

Опубликовано:

Юлия Путинцева
Юлия Путинцева. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Теннистен АҚШ-та өтіп жатқан US Open турнирінде тағы бір қазақстандық спортшы жеңіліс тапты. Бұл жолы Юлия Путинцева қарсыласқа есе жіберген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Путинцева бірінші кезеңде италиялық Мартина Тревезанмен кездескен болатын.

Қазақстандық теннисші алғашқы сетте 6:0 есебімен айқын ұтқан. Қалған кезеңде мәселе тай-брейкте шешіліп, 6:7, 6:7 есебі мен италиялық спортшыға есе жіберді.

Осылайша, Қазақстанның екінші теннисшісі АҚШ-тағы жарысты аяқтады.

Бұған дейін Александр Бублик ұтылған еді.

Ал Елена Рыбакина бірінші айналымда украиналық Марта Костюкті ұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2034553-us-open-yuliya-putinceva-algasqy-ainalymda-zarysty-ayaqtady/

pixel