Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшылар қол күресінен әлем чемпионатында 116 медаль жеңіп алды

Опубликовано:

Қол күресінен әлем чемпионаты
Қол күресінен әлем чемпионаты. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Алматы қаласында қол күресінен ересектер, кадеттер, жасөспірімдер мен жастар арасында әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

Осымен 44-рет ұйымдастырылып отырған жарыстың алғашқы күндері кадеттер, жасөспірімдер, жастар арасында бақ сынаған отандастарымыз 58 алтын, 38 күміс, 20 қола медальді қанжығаға байлады.

Атап айтсақ, кадеттер арасында еліміз 16 алтын, 14 күміс, 7 қола жүлдені жеңді. Ал жасөспірімдер арасында 26 алтын, 9 күміс, 8 қола, сондай-ақ жастар арасында 16 алтын, 15 күміс, 5 қола медаль иеленді.

Турнирге 52 мемлекеттен 1000-нан астам спортшы қатысуда. Ел намысын 256 атлет қорғап жатыр. Байрақты бәсеке 3 қыркүйекке дейін жалғасады.

"Бүгінгі бәсеке ойдағыдай өтті. Бұл мен үшін жауапты жарыс болды және онда кәсібилігім мен төзімділігімді дәлелдеуім керек болды. Намысқа тырыстым. Барлық спортшының дайындығы өте мықты екен және жақсы нәтиже көрсетті. Мені дайындаған және қолдаған жаттықтырушыларым мен мұғалімдеріме алғысым шексіз", - дейді 60 келіде әлем чемпионы атанған қазақстандық Бекжан Қожантай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2034556-qazaqstandyq-sportsylar-qol-kuresinen-alem-cempionatynda-116-medal-zenip-aldy/

pixel