jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Шынтақпен соққан: сербиялық ойыншы әлем чемпионатында бір бүйрегінен айырылып қалды

    Бориш Симанич матч кезінде
    Бориш Симанич. Фото: kss.rs

    Баскетболдан Сербия құрамасының ойыншысы Бориш Симанич бір бүйрекпен қалды. Ол ойын кезінде ауыр жарақат алған, деп хабарлайды федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ. NUR.KZ.

    Филиппинде өтіп жатқан әлем біріншілігінің топтық кезеңінде Сербия мен Оңтүстік Судан құрамалары кездесті. Ойынның аяқталуына екі минут қалғанда судандық Нуни Омото шынтағымен Бориш Симаничтің бүйрек тұсынан соққан.

    Аталған жағдайдан соң ойыншы дереу ауруханаға жеткізілді. Оған алдымен 31 тамыз күні ота жасалған. Кейін дәрігерлер тағы бір ота керектігін ескертіп, ойыншының бір бүйрегін алып тастайды.

    "Бірінші отадан кейін Бориштің жарақаттанған бүйрегін қалыпқа келтіру мүмкін болмады. Сол себепті дәрігерлер хирургиялық жолмен спортшының бір бүйрегін алып тастады. Отадан кейінгі кезең сәтті өтуін тілейміз", - делінген федерация хабарламасында.

    Аталған кездесуде сербиялықтар 115:83 есебімен жеңіске жетті. Ал 25 жастағы ойыншының алаңға қашан оралары белгісіз.

    Шынтақпен соққан: сербиялық ойыншы әлем чемпионатында бір бүйрегінен айырылып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.