jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Ақмола облысында балаларға шаңғы спортын үйрететін бапкердің көлігінен 40 келі есірткі табылды

    Шаңғы
    Шаңғы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Шаңғы спортының жаттықтырушысы Ақмола облысының аумағында гашишті заңсыз өткізгені үшін ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

    Заңсыз айналымнан 55 келі есірткі тәркіленді. Ұзақ мерзімді жедел жұмыс барысында Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Қарасора – 2023" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Астана мен облыс аумағына есірткі құралдарын жеткізу арнасын жабу бойынша арнайы операция жүргізді.

    Қабылданған шаралардың нәтижесінде Ақмола облысының есірткіге қарсы полицейлері Жібек Жолы кентіндегі терминал жанында Астана қаласының 37 жастағы тұрғынының басқаруындағы автокөлікті тоқтатты. Ол балаларға шаңғы спортын үйретумен айналысқан.

    Күдіктінің автокөлігін санкцияланған тінту барысында багаж бөлігінде картон қорап табылды, оның ішінде салмағы 40 келіге жуық гашиш есірткі заты бар төрт полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.

    Сол күні елорда маңындағы ауданда, өз үйінде есірткі заттарының тағы бір көтерме саудагері, 36 жастағы ер адам ұсталды. Сол үйді санкцияланған тінту кезінде гараждың үй-жайынан салмағы 15 келіден астам есірткі заты бар екі полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді. Ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

    Ақмола облысында балаларға шаңғы спортын үйрететін бапкердің көлігінен 40 келі есірткі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.