jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Азия ойындары: су добынан Қазақстан құрамасының қарсыластары кімдер

    су добы
    Су добынан Қазақстан командасы. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Қытайда Ханчжоу қаласы қабылдайтын ХІХ жазғы Азия ойындарындағы су добынан Қазақстан елдер және әйелдер құрамасының қай топқа түскені, кімдермен ойнайтыны белгілі болды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ұлттық құрамалар 2-7 қазан аралығында бақ сынайды.

    В тобында сынға түсетін ерлер құрамы 2 қазанда Гонконг, 3 қазанда Жапония, 4 қазанда Сингапур командасына қарсы ойнайды.

    А тобында Оңтүстік Корея, Таиланд, Қытай мен Иран бар. 5 қазанда ширек финал, 6 қазанда жартылай финал өтеді.

    Ал 7 қазанда қола медаль үшін матч пен финал өтеді.

    Әйелдер арасында Қытай, Қазақстан, Жапония, Таиланд, Индонезия, Гонконг өзара топта бір-бірімен ойнап шығады.

    Құрлық Олимпиадасында ерлер арасында Жапония құрамасы басты фаворит саналады. Ал алдыңғы ойындардың чемпионы Қазақстан екенін айта кетейік. Биылғы Азия чемпионатында топ жарған жарыс қожайыны Қытай да жүлде таласына араласуға тырысып көрмек.

    Ерлер мен әйелдер арасындағы чемпион Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізеді. Су добынан еліміздің ерлер құрамасы Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Соден бері 2006 жылы қола жүлдегер болса, қалған ойындарда чемпион атанған.

    Азия ойындары: су добынан Қазақстан құрамасының қарсыластары кімдер

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.