Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кез келген қалада болып тұратын тұрмыстық жағдай": Дәулет Тұрлыханов спортшыға қатысты дауға пікір білдірді

Опубликовано:

Спортшы
Фото: olympic.kz

Күні кеше отандық пабликтердің бірінде елімізге танымал спортшыны Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде ер адамға күш қолданды деп айыптаған жазба жарияланған болатын. Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов аталған жайтқа қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дәулет Тұрлыханов орын алған жағдайға қатысты өз ойын Instagram парақшасында бөліскен. Спортшы көпшілікке үндеу жасап, халықты спортшыны айыптамауға шақырды.

"Құрметті қазақстандықтар! Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат бойынша айтарым. Иә, бұл келеңсіз жағдай туралы мен хабардармын. Қалай болғанын естідім. Сауда орталығындағы балалар ойнайтын жерде кішкентай балапандар ойын барысында өзара келіспей қалған. Артынан әкелері араша түсіп, бір-бірімен сөзге келген. Өкінішке қарай бұл кез келген қалада болып тұратын тұрмыстық жағдай. Оны болдырмауға тырысу керек, әрине. Бірақ, бес саусақ бірдей емес, әр адам баласының өзінің жаратылысына, тәрбиесі мен мәдениетіне байланысты", - деді ол.

Өз жазбасында ол аталған мәселенің ақ-қарасын құқық қорғау органдары шешетінін, сондықтан елден шу көтермей, сабырға келуді сұрады.

"Орын алған оқиға бойынша екі тарап өздері шешімге келер. Заң қорғау органдары мән-жайды сараптап, қорытынды шығарар! Кінәлі жақ заң аясында жауапқа тартылар! Ол - уақыт еншісінде. Заманымыз осылай өзгеріп бара жатқаны мені қатты қынжылтады. Аздап шыдамды болайық, ағайын!

Айыпталып жатқан жігітті біраз жылдар бойы білемін! Бала кезінен. Өте ақылды, парасатты, сыпайы жігіт. Талай ел намысын қорғап, туымызды желбіретті. Бірнеше дүркін Азия чемпионы, әлем жүлдегері атанды. Ол - қыруар еңбек, тердің арқасы! Қазір ол Сербиядағы әлем чемпионатына дайындық үстінде. Сондықтан да мәселенің анық-қанығына жетпей, алдын ала спортшымызды тығырыққа тіремейік, достар! Дәл қазір оған қолдау қажет! Алда - ел абыройы, жүлде, Олимпиада жолдамасы! Ал бұл болған жағдай заң жолымен уақытында шешіледі! Сабырлыққа шақырамын", - деп жазды Тұрлыханов.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі спортшы Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде ер адамға күш көрсетті деп айыпталып жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2037146-kez-kelgen-qalada-bolyp-turatyn-turmystyq-zagdai-daulet-turlyxanov-sportsyga-qatysty-dauga-pikir-bildirdi/

pixel