jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Барынша төтеп беруге тырысамыз": теннисші Сарвиноз Миркадирова олимипиадалық қалашық туралы айтты

    Сарвиноз Миркадирова
    Сарвиноз Миркадирова. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық спортшы Сарвиноз Миркадирова Азия ойындары алдында сұхбат беріп, олимпиадалық қалашық жайлы айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Сарвиноз Миркадироваға олимипиадалық қалашық қатты ұнаған. Спортшының сөзінше, ұсынылған тағамдар да дәмді.

    Қазақстандықтар ертең үстел теннисінен алғашқы ойын өткізбек. Біздің құрама қытайлықтарға қарсы шығады.

    "Бұл біздің Азия ойындарына алғаш қатысуымыз. Олимпиадалық қалашық маған қатты ұнады. Біз орналасқан бөлмелер де керемет. Мен мұндайды бірінші рет көріп тұрмын. Тағамдары да өте дәмді. Азиялық та, еуропалық та тағамдар бар. Мен осы жерде болғаныма өте қуаныштымын. Маған бәрі ұнап жатыр. Ертең алғашқы ойындар болады. Біз Қытайға қарсы ойнаймыз. Олар өте мықты екенін бәрі де біледі. Бірақ барынша төтеп беруге тырысамыз. Жақсы нәтиже көрсетеміз деп сенемін", - деді Сарвиноз Миркадирова.

    Айта кетейік, бұған дейін Ханчжоуда ту көтеру рәсімі кезінде Қазақстан Республикасының туы көтерілген болатын.

    Оған қатысқан боксшы Сәкен Бибосынов пен регбиші Балжан Қойшыбаева шарадан алған әсерімен бөлісті.

    "Барынша төтеп беруге тырысамыз": теннисші Сарвиноз Миркадирова олимипиадалық қалашық туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.