Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азиада-2023: Қазақстандық спортшылар бессайыс жарысының финалына өтті

Опубликовано:

Қазақстан намысын қорғап жатқан бессайысшы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Павел Ильяшенко мен Кирилл Стадник қазіргі бессайыс жарысының финалына өтті. Іріктеу кезеңінде спортшылар семсерлесу, 10 метрден нысана көздеу, 200 метрге жүзу және 3 шақырымға жүгіруден сынға түседі. Финалда бұл сайыстарға конкур қосылады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүгін түстен кейін жартылай финалда Темірлан Абдраимов пен Георгий Борода-Дудочкин шешуші кезеңге шығу үшін өз өнерлерін ортаға салады.

Әйелдердің сайысында қатысушылардың саны аз болғандықтан Анастасия Кочеткова, Елена Потапенко, Людмила Яковлева және Кристина Рябова іріктеусіз, бірден финалда өнер көрсетеді.

Ерлер мен әйелдердің финалдары 24 қыркүйек күні өтеді.

ТОП-5 енген спортшылар Олимпиада лицензияларын иеленеді. Бірақ 1 елге тек 1 жолдама беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2037685-aziada-2023-qazaqstandyq-sportsylar-bessaiys-zarysynyn-finalyna-otti/

pixel