Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барлық жағдай жасалған": Елсияр Қанағатов Азия ойындарына қатысты пікір білдірді (видео)

Опубликовано:

Елсияр Қанағатов
Фото: olympic.kz

Ұлттық олимпиадалық комитеті спорт департаментінің директоры Елсияр Қанағатов Азия ойындары қатысты пікір білдіріп, ұйымдастырушылардың жұмысына өз бағасын берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Елсияр Қанағатовтың айтуынша, Ханчжоуда спортшылар үшін барлық жағдай жасалған. Жаттығу жасайтын жерлермен қатар, демалыс орындары да қарастырылған.

"Қаншама Азия ойындары өтті. Қысқысы да, жазғысы да болды. Ұйымдастыру жағынан барлық жағдай жасалған. Спортшыларға арналған қалашық та, спортщылар жататын жері де жақсы. Демалыс қа да, спорттық жаттығулар жасайтын жерлер де ойластырылған. Қазір біздің спорттық делегациямызда айтарлықтай проблема жоқ. Спортшыларымыз график бойынша келіп жатыр. Қазіргі уақытта екі жүзден астам спортшымыз келіп, қалашықта орналасты. Ертең, бүрсікүні тағы да спортшыларымыз келетін болады. Бүгін қазақ елінің туын қалашықта көтердік. Спортшыларға тек қана сәттілік тілейміз", - деді Елсияр Қанағатов.

Айта кетейік, бұған дейін Сәкен Бибосынов пен Балжан Қойшыбаева ту көтеру рәсімінен кейін өз әсерімен бөліскен болатын.

Сонымен қатар, Сарвиноз Миркадирова Ханчжоудағы олимпиадалық қалашық жайлы айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2037620-barlyq-zagdai-zasalgan-elsiyar-qanagatov-aziya-oiyndaryna-qatysty-pikir-bildirdi-video/

pixel