Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басты мақсатым - алтын еді": Мағжан Шамшадин жүлдесі жөнінде пікір білдірді

Жарияланған күні:

Мағжан Шамшадин қарсыласымен
Мағжан Шамшадин қарсыласымен Фото: olympic.kz

Қытайда өткен Азия ойындарының қола жүлдегері атанған Мағжан Шамшадин өз жүлдесіне қатысты пікір білдіріп, жанкүйерлеріне алғысын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мағжан Шамшадин жұбаныш финалынан кейін сұхбат беріп, жекпе-жектен алған әсерін бөлісті.

Ол Азия ойындарына алтын медаль үшін келгенін алға тартты. Алайда жекпе-жек барысында қателікке бой алдырғанын мойындады.

"Бұл жетістікке баршаңыз үлес қостыңыздар деп ойлаймын. Өте керемет әсердемін. Басты мақсатым - алтын еді. Қателікке бой алдырдым. Белдесу барысында сәл босаңсыған сәтті қарсыласым пайдаланып кетті. Дзюдо қазір мықты дамыған. Аздаған минуттың өзі кездесу тағдырын шешіп кетеді", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Мағжан Шамшадин Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының қола жүлдегері атанғанын хабарлаған болатынбыз.

Оған қоса дзюдодан ел намысын қорғаған Абиба Әбіжақынова Азиаданың күміс жүлдесіне ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2037938-basty-maqsatym-altyn-edi-magzan-samsadin-zuldesi-zoninde-pikir-bildirdi/