Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржыны бір қоламен толықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Жылжымалы нысана көздеуден аралас жұптық сында Ислам Сәтбаев пен Александра Ли қола жүлдегер атанды.
Олар қола медаль үшін өткен кездесуде Иран құрамасынан басым түсті.
Айта кетелік, бұл нысана көздеушілердің аталған ойындағы екінші қола медалі.
Бұған дейін Никита Чирюкин қысқа калибрлі тапаншамен нысана көздеуден үздік үштікке енген еді.
Азия ойындарында қазақстандықтарда әзірге 1 күміс, бес қола медаль бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038113-zazgy-aziada-otandyq-mergender-el-qorzynyna-kezekti-qola-zuldeni-saldy/