Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәкен Бибосынов Азия ойындарының келесі кезеңіне өтті

Опубликовано:

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Азия ойындарын жеңіспен бастады. Отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сәкен Бибосыновтың Азия ойындарындағы алғашқы қарсыласы моңғолиялық Уноболд Орхонтунгалаг болды. Жекпе-жек 51 салмақ дәрежесінде өтті. Қазақстандық спортшы төрешілердің бірегей шешімімен жеңіске жетті.

Ханчжоудағы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар әзірге бір күміс, үш қола иеленді.

Дзюдодан Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанса, Мағжан Шамшадин мен Эсмигул Куюлова қола жүлдесіне ие болды. Үшінші қоланы нысана көздеуден Николай Чирюкин жеңіп алды.

Айта кетейік, Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Оған 500-ден астам қазақстандық спортшы қатысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2038060-saken-bibosynov-aziya-oiyndarynyn-kelesi-kezenine-otti/

pixel