Жазғы Азиада: отандық мергендер ел қоржынына кезекті қола жүлдені салды
Опубликовано:

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржыны бір қоламен толықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Жылжымалы нысана көздеуден аралас жұптық сында Ислам Сәтбаев пен Александра Ли қола жүлдегер атанды.
Олар қола медаль үшін өткен кездесуде Иран құрамасынан басым түсті.
Айта кетелік, бұл нысана көздеушілердің аталған ойындағы екінші қола медалі.
Бұған дейін Никита Чирюкин қысқа калибрлі тапаншамен нысана көздеуден үздік үштікке енген еді.
Азия ойындарында қазақстандықтарда әзірге 1 күміс, бес қола медаль бар.
Свежая публикация по теме:
"Қасқырдай мінезін көрсетті": белгілі бапкер Қоңқабаевтың Жалоловқа қарсы жекпе-жегіне жоғары баға берді
Жазғы Азия ойындары - 2023
- Сәкен Бибосынов Азия ойындарының келесі кезеңіне өтті
- Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарын жеңіспен бастады
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038113-zazgy-aziada-otandyq-mergender-el-qorzynyna-kezekti-qola-zuldeni-saldy/