Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлыхан Шархан: жартылай финалда тактикалық қателіктерге бой алдырып, есе жібердім

Опубликовано:

Нұрлыхан Шархан Азия ойындарында
Нұрлыхан Шархан Азия ойындарында Фото: Olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Азия ойындарының қола жүлдегері атанған қазақстандық дзюдошы Нұрлыхан Шархан жеңісінен кейін KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, өз әсерін бөлісті. Спортшы бұл жарыста алтынға ниеттенгенін айтты.

Нұрлыхан Шархан жартылай финалда есе жіберуінің басты себебін айтты. Балуан жекпе-жек барысында тактикалық қателіктерге бой алдырғанын мойындады.

"Барлық кездесу қиынға соқты. Әсіресе жапондық балуанмен белдесу өте қиын болды. Аллаға шүкір, қола медаль бұйырды. Негізі жаттықтырушыларымыздың жоспары бойынша алтынға ниеттеніп келген едік. Бірақ өзбек спортшысымен жартылай финалда кішкене тактикалық тұрғыда бапкердің айтқанын орындамай, өзімнің қателіктерімнің кесірінен есе жібердім. Өзбек балуанымен негізі тең күресіп жүр едім. Қола медальға қол жеткіздік, шүкір. Эмоциям өте керемет, командаластарымның барлығы медаль алып жатыр. Қола, күміс медальдарын күнде көрсетеді. Енді өзімде де бір қола медаль бар", - деді ол.

Оған қоса отандасымыз жетістігінің құпиясы жөнінде айтып өтті.

Спортшы алдағы уақыттағы Париж олимпиадасына ұпай жинау үшін барын салатынын жеткізді.

"Жетістіктің еш құпиясы жоқ. Тек қана еңбек ету керек. Бұл барша қазақтың медалі. Жапон балуанына қатты дайындалдық. Ол солақай екен. Сол қолын байлап, сол қолына қарай жұмыс істеп, оны тез шаршаттық. Солайынан жеңіске жеттік. Өзбекстандық қарсыласыма физикалық тұрғыда жақсы болдым. Эмоциямды да шығармадым. Барлығын осы қолаға алып қалдым. Өзбек менен сәл ұзындау болды. Бірақ ол сылтау емес. Менде көбіне тактикалық тұрғыда қателіктер болды. Алдағы жоспар Әбу-Дабидегі турнирге дайындалу. Басты жоспар - Париж олмпиадасына ұпай жинау. Рейтингте 22 орында тұрмын. Қолдаған барша қазақ еліне рахмет. Анашымның дұғасы қабыл болды", - деді балуан.

Еске сала кетейік, Нұрлыхан Шархан дзюдодан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038214-nurlyxan-sarxan-zartylai-finalda-taktikalyq-qatelikterge-boi-aldyryp-ese-ziberdim/

pixel