Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дзюдошы Нұрлыхан Шархан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Опубликовано:

Нұрлыхан Шархан Азия ойындарында
Нұрлыхан Шархан Азия ойындарында Фото: Olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Дзюдодан Қазақстан намысын қорғаған Нұрлыхан Шархан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық спортшы 100 келі салмақ дәрежесінде қола үшін жекпе-жекте оңтүстік кореялық дзюдошыны жеңді.

Бұған дейін Нұрлыхан Шархан жартылай финалда өзбекстандық әлем чемпионы Музаффарбек Туробоевқа есе жіберіп қойды.

Айта кетейік, Ханчжоудағы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар әзірге екі күміс, бес қола иеленді.

Дзюдодан Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанса, Мағжан Шамшадин, Эсмигул Куюлова мен Абылайхан Жұбаназар қола жүлдесіне ие болды.

Сондай-ақ Николай Чирюкин де ел қоржынына Азия ойындарының қола жүлдесін түсірді.

Оған қоса жылжымалы нысана көздеуден аралас жұптық сында Ислам Сәтбаев пен Александра Ли қола жүлдегер атанса, қазақстандық мергендер Асадбек Назиркулов, Бахтияр Ибраев және Андрей Худяков күміс жүлдеге ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2038210-dzyudosy-nurlyxan-sarxan-aziya-oiyndarynyn-qola-zuldegeri-atandy/

pixel