Бүгін, 26 қыркүйекте, Қытайдағы Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 2022 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы төрт жеңіске қол жеткізді. Алайда бұл жалпы медаль жиынтығы бойынша позицияны көтеруге септігін тигізген жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Еске салсақ, бүгін оқ атудан Қазақстан ерлер құрамасы күміс медаль жеңіп алған еді. Дзюдодан Нұрлыхан Шархан, шпагамен семсерлесуден Эльмир Әлімжанов және жылжымалы нысана көздеуден Қазақстан аралас құрамасы үшінші орынға ие болды.
Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында тоғыз медаль (күміс және жеті қола) бар. Медаль жиынтығы бойынша Қазақстан 16-шы орында.
Сондай-ақ медаль жиынтығына байланысты Қытай көш бастап тұр. ҚХР құрамасының қоржынында 53 алтын, 29 күміс және 13 қола медаль бар. Екінші орынға Оңтүстік Корея қол жеткізген. Оларда 14 алтын, 16 күміс және 19 қола медаль бар. Ал үшінші орынды сегіз алтын, 20 күміс және 19 қоламен Жапония иемденген.
Айта кетейік, бұған дейін бір күн бұрын Қазақстан құрамасы 15-ші орында болған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038265-qazaqstan-aziya-oiyndarynda-medal-ziyntygy-boiynsa-poziciyasyn-zogarylata-almady/