jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Немерем бар": отандық спортшы Ольга Панарина 53 жасында Азия ойындарының чемпионы атанды

    Ольга Панарина жарыс кезінде
    Ольга Панарина. Фото: Тұрар Қазанғапов

    Бүгін стенд атудан Қазақстан командасы Азия ойындарының алтынын жеңіп алды. Чемпион атанған спортшылар қатарында 53 жастағы Ольга Панарина да бар, деп жазады Спорт және туризм министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панарина үштігі 350 ұпаймен көш бастап, Қытай құрамасын артта қалдырды.

    Команданың ең егде мүшесі Ольга Панарина 53 жаста. Азиаданың чемпионы спортшы ғана емес, аяулы ана әрі асыл әже.

    Панарина осы жасқа дейін саптан шықпауына не себеп болғанын айтты.

    "Біріншіден, мен көп жаттығамын. Екіншіден, спортшылар қартаймайды.

    Нысана көздеу - бұл менің өмірлік ісім, сондықтан оған үнемі күш табамын. Мен барлық командаластарыма алғыс айтқым келеді. Менен кеңес сұрағандарға, әрқашан көмектесуге тырысамын. Біздің ұжымымыз өте тату.

    Менің ойымша. бұл жеңіс осы командалық рухтың нәтижесі. Мен бұл медалімді ата-анама арнағым келеді. Олар әрқашан менімен бірге", - деді Ольга Панарина.

    "Немерем бар": отандық спортшы Ольга Панарина 53 жасында Азия ойындарының чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.