Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия ойындары: семсерлесуден Қазақстан құрамасы қола жүлдені жеңіп алды

Опубликовано:

Семсерлесуші жарыста
Семсерлесуші жарыста Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

Азия ойындарында саблямен семсерлесуден қатысқан қазақстандық спортшылар қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Саблямен семсерлесуден ерлер командасы жартылай финалда Азия чемпиондары Оңтүстік Корея құрамасына есе жіберді. Кездесу 41:45 есебімен аяқталды.

Семсерлерсуден Қазақстан намысын Мұхамедәли Рахманали, Саттархан Назарбай, Артем Саркисян мен Жанат Нәбиев қорғады.

Ірітеу кезеңінде қазақстандық спортшылар Непал құрамасы (45:15) мен Кувейт командасын (45:43) жеңіп кетті.

Еске сала кетейік, қазіргі таңда ел қоржынында 13 жүлде бар. Бір алтын, екі күміс және 10 қола жүлде бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038509-aziya-oiyndary-semserlesuden-qazaqstan-quramasy-qola-zuldeni-zenip-aldy/

pixel