Қазақстандық таэквондошылар Смайыл Дүйсебай мен Жансель Дениз 2022 жылғы Азия ойындарының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ерлер арасында 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Смайыл Дүйсебай пәкістандық спортшыны жеңді – 2:0 (6:5, 9:3). 67 келіден жоғары салмақтағы Дениз ливандық спортшыны 2:0 (6:3, 7:0) есебімен ұтты.
Екі спортшы жартылай финалға шықты, олар кем дегенде қола медаль алады. Финалға жолдама алу үшін Дүйсебай Қытай өкілімен кездессе, Дениздің қарсыласы Оңтүстік Кореяның таэквондошысы болады.
Еске сала кетейік, Жансель Дениз 2018 жылы Индонезияда өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері.
Қазіргі таңда ел қоржынында 13 жүлде бар. Бір алтын, екі күміс және 10 қола жүлде бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038531-aziya-oiyndary-qazaqstandyq-taekvondosylar-zartylai-finalga-otti/