Әділбек Мусин Ханчжоудағы Азия ойындарында жүзуден екінші рет жүлдеге ілікті
Опубликовано:
Әділбек Мусин жүзуден екінші медалін жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір қоламен толықты.
Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден қола жүлдегер атанды.
Бұған дейін ол осы әдіспен 100 метрге жүзуде үздік үштікке енген болатын.
Бүгін Әділбек Оңтүстік Корея мен Сингапур спортшыларына есе жіберіп, өз мансабында Азия ойындарының үшінші қоласына қол жеткізіп отыр.
Айта кетелік, бүгін гимнаст Нариман Курбанов та қола жүлдеге қол жеткізді.
- Азия ойындары: бір боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды
- "Жеңісімді анама арнаймын": Қазақстанға екі алтын, бір қола сыйлаған Әсем Орынбай арнайы сұхбат берді
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038624-adilbek-musin-xanczoudagy-aziya-oiyndarynda-zuzuden-ekinsi-ret-zuldege-ilikti/