jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Азиаданың күміс жүлдегері атанды

    Қазақстандық семсерлесушілер Азия ойындарында
    Қазақстандық семсерлесушілер Азия ойындарында Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы ХІХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов квартеті Азия ойындарының финалында Жапония құрамасына 36-35 есебімен есе жіберді.

    Есеп 31-31 болып тұрғанда шешуші дуэльде Эльмир Әлімжанов пен жекелей сынның жеңімпазы Коки Кано шеберлік байқасты. Шиеленіске толық бұл айқас та тең аяқталды (35-35). Ал қосымша уақытта жапониялық спортшы нәтижелі соққы жасап, құрамасына жеңіс сыйлады.

    Қазақстанның құрамасы ертеректе іріктеуде Моңғолиядан (45-12), ширек финалда Въетнамнан (45-26), ал жартылай финалда Гонконг құрамасынан 45-30 есебімен басым түскен.

    Айта кетейік, Жапония алдыңғы Джакартадағы Азия ойындарының жеңімпазы, ал Қазақстан қола жүлдеге ие болған.

    Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Азиаданың күміс жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.