Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азиада-2023: Қазақстан құрамасы велоспорттан алғашқы медальді жеңіп алды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Артем Захаров пен Рамис Дінмұхамедов
Артем Захаров пен Рамис Дінмұхамедов. Фото: Нұрғали Жұмағзы

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында велоспорттан Қазақстан құрамасы алғашқы медальді қоржынға салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қола жүлдені Артем Захаров пен Рамис Дінмұхамедов алды. Спортшылар мэдисонда сәтті өнер көрсетті.

Финалда Захаров пен Дінмұхамедов 37 ұпай жинап, қола жүлдеге қол жеткізді.

Жапония финалды бірінші орынмен аяқтады. Бұл ел спортшыларының еншісінде 54 ұпай бар. Оңтүстік Корея да дәл осындай ұпай жинап, екінші орынға жайғасты.

Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында қазір 24 медаль бар (3 алтын, 3 күміс, 18 қола). Біздің спортшылар медальдық есепте 11-орынға табан тіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038842-aziada-2023-qazaqstan-quramasy-velosporttan-algasqy-medaldi-zenip-aldy/