Азиада-2023: Қазақстан құрамасы велоспорттан алғашқы медальді жеңіп алды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында велоспорттан Қазақстан құрамасы алғашқы медальді қоржынға салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қола жүлдені Артем Захаров пен Рамис Дінмұхамедов алды. Спортшылар мэдисонда сәтті өнер көрсетті.
Финалда Захаров пен Дінмұхамедов 37 ұпай жинап, қола жүлдеге қол жеткізді.
Жапония финалды бірінші орынмен аяқтады. Бұл ел спортшыларының еншісінде 54 ұпай бар. Оңтүстік Корея да дәл осындай ұпай жинап, екінші орынға жайғасты.
Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында қазір 24 медаль бар (3 алтын, 3 күміс, 18 қола). Біздің спортшылар медальдық есепте 11-орынға табан тіреді.
- Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Азиаданың күміс жүлдегері атанды
- Боксшы Карина Ибрагимова Азия ойындарының ширек финалына жолдама алды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038842-aziada-2023-qazaqstan-quramasy-velosporttan-algasqy-medaldi-zenip-aldy/