jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Сағындық Тоғамбай Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды

    Сағындық Тоғамбай Азия ойындарында
    Сағындық Тоғамбай Азия ойындарында Фото: Нұрғали Жұмағазы

    Сағындық Тоғамбай бокстан жартылай финалда қытайлық боксшы Хан Сюэчжэньге қарсы жекпе-жегінде жеңіліп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ол 92 келіге дейінгі салмақ санатында жартылай финалға шығып, кем дегенде қола жүлдеге қол жеткізді. Алайда жеңістерінің тізбегін жалғастыра алмай қалды.

    Сағындық Тоғамбай финалға шығу үшін қытайлық боксшы Хан Сюэчжэньге қарсы бағын сынап, есе жіберген.

    Бірінші раундта қазақстандық боксшы басым болды. Бірақ екінші раундта Хан белсенділік танытып, Сағындықты рингте қыса бастады. Үшінші раундта болса қытайлық спортшы басым түсіп, Сағындыққа мүмкіндік берген жоқ. Ол Тоғамбайды нокдаунға түсіріп, жеңіске жетті.

    Осылайша Сағындық Тоғамбай Жазғы Азия ойындарында қола жүлдегері атанды.

    Айта кетейік, қазір Қазақстан құрамасы спортшыларының қоржынында үш алтын, бес күміс және 22 қола медаль бар.

    Еске салсақ, бүгін, жексенбі күні Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының тағы бір боксшысы жартылай финалға жолдама алғаны туралы жазған едік.

    Сағындық Тоғамбай Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.