jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Азиада-2023: отандық спортшылар байдарка мен каноэде есуден екі қола медаль еншіледі

    Тимофей Емельянов
    Тимофей Емельянов. Фото: Нұрғали Жұмағазы

    Бүгін, 2 қазанда Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында байдарка мен каноэде ескек есуден финалдық бәсеке басталды. Алғашқы екі кезеңде отандық спортшылар екі жүлдеге ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ерлер арасында байдаркадан жекелей сында (1000 метрге жарыс) қазақстандық Кирилл Тубаев қола медаль еншіледі. Алтын медаль қытайлық Дун Чжанға бұйырды, күмісті өзбекстандық Шахриер Махкамов иеленді.

    Каноэде есуден тағы бір қазақстандық спортшы қола медаль алды. 1000 метрге жарыста жекелей сында Тимофей Емельянов мәреге үшінші болып жетті. Ал алтын медальді тайпейлік Куан-Че Ла, күмісті өзбекстандық Владлен Денисов жеңіп алды.

    Осылайша, қазіргі таңда Қазақстан қоржынындағы медальдар саны 33-ке жетті. Оның үшеуі алтын, бесеуі күміс, 23-і қола.

    Азиада-2023: отандық спортшылар байдарка мен каноэде есуден екі қола медаль еншіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.