Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия ойындары: Қазақстан байдарка мен каноэде есуден екі күміс медаль жеңіп алды

Опубликовано:

Мария Бровкова және Руфина Искакова
Мария Бровкова және Руфина Искакова. Фото: Сали Сабиров/olympic.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан әйелдер құрамасы байдарка мен каноэде ескек есуден екі күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әйелдер арасындағы жарыста кезекті екі финал өтті.

Каноэде есуден жұптық сында (500 метрге жарыс) қазақстандық Мария Бровкова мен Руфина Ысқақова күміс медальға қол жеткізді. Бұл сайыста Қытай бірінші орынды жеңіп алса, Таиланд үшінші орынды иеленді.

Байдарка жарысында (500 метрге жарыста) жұптық сынның финалында Қазақстан құрамасы екінші орын алды. Осылайша, отандық спортшылар Ирина Подойникова мен Ольга Шмелева күміс медальді қоржынға салды. Бұл жарыста Қытай құрамасы мәре сызығына бірінші болып жетсе, үшінші орын Өзбекстан құрамасына бұйырды.

Осылайша, қазіргі таңда Қазақстан қоржынындағы медальдар саны 35-ке жетті. Оның үшеуі алтын, жетеуі күміс, 25-і қола.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ерлер арасында байдарка мен каноэде есуден жекелей сында (1000 метрге жарыс) қазақстандық Кирилл Тубаев пен Тимофей Емельянов қола медаль еншілеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039041-aziya-oiyndary-qazaqstan-baidarka-men-kanoe-esuden-eki-kumis-medal-zenip-aldy/

pixel