Қазақстан қоржыны Азия ойындарының алтын жүлдесімен толықты. Бұл жолы каноэде есуден ерлер құрамасы бірінші орын алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров 500 м қашықтыққа каноэде есуден жұптық сында топ жарып, Азия ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін байдарка мен каноэде есуден Қазақстан қоржынына екі күміс медаль салынғанын хабарлаған болатынбыз.
Каноэде есуден жұптық сында (500 метрге жарыс) қазақстандық Мария Бровкова мен Руфина Ысқақова күміс медальға қол жеткізді. Байдарка есуден (500 метрге жарыста) жұптық сынның финалында Ирина Подойникова мен Ольга Шмелева екінші орын иеленді.
Қазіргі таңда Қазақстан қоржынындағы медальдар саны 35-ке жетті. Оның төртеуі алтын, жетеуі күміс, 23-і қола.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039049-aziya-oiyndary-qazaqstan-quramasy-baidarka-men-kanoe-esuden-altyn-ielendi/