jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан құрамасы Азия ойындарының төртінші алтын медалін жеңіп алды

    Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жарыста
    Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жарыста Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

    Қазақстан қоржыны Азия ойындарының алтын жүлдесімен толықты. Бұл жолы каноэде есуден ерлер құрамасы бірінші орын алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров 500 м қашықтыққа каноэде есуден жұптық сында топ жарып, Азия ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.

    Айта кетейік, бұған дейін байдарка мен каноэде есуден Қазақстан қоржынына екі күміс медаль салынғанын хабарлаған болатынбыз.

    Каноэде есуден жұптық сында (500 метрге жарыс) қазақстандық Мария Бровкова мен Руфина Ысқақова күміс медальға қол жеткізді. Байдарка есуден (500 метрге жарыста) жұптық сынның финалында Ирина Подойникова мен Ольга Шмелева екінші орын иеленді.

    Қазіргі таңда Қазақстан қоржынындағы медальдар саны 35-ке жетті. Оның төртеуі алтын, жетеуі күміс, 23-і қола.

    Қазақстан құрамасы Азия ойындарының төртінші алтын медалін жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.