Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл - алтынға бергісіз қола": Қазақстан құрамасы эстафетада күтпеген жерден үздік үштікке енді

Опубликовано:

Дмитрий Колбов
Дмитрий Колбов. Фото: Тұрар Қазанғапов

Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы аралас эстафетадан қола медаль жеңіп алды. Команда мүшесі Дмитрий Колбов аталған медальдің өзі үшін тым қымбат екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазіргі сезімімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Өйткені, бұл қоланың бағасы алтынға бергісіз. Біз ең соңына дейін жүлдеге таластық. Бар күшімізді салдық. Осы орайда, бізге жанкүйер болған халқымызға рахмет айтамыз.

Біз негізі мәреге төртінші болып келдік. Кейін бөлмеге барып, затымызды жинастырып жатсақ, қола жүлдегер атанғанымызды жеткізді. Үшінші орын алған Шри-Ланка құрамасын жарыстан шеттетіпті. Тіпті, не үшін шеттекенін де білмейміз.

Мен үшін Азия ойындары аяқталды. Бүгін 400 метрге кедергілер арқылы жүгіргенмін. Тәуекелге бардым, бірақ нәтиже ойдағыдай болмады. Финалға шыға алмадым.

Десе де, Азия ойындары мен үшін жақсы нотада аяқталып отыр. Ендігі мақсат - Олимпиада ойындарына жолдама алу. Биылғы маусым ауыр өтті. Енді келесі жылға дайындаламыз" - деді Колбов.

Айта кетелік, Ханчжоудағы жазғы Азия ойындары 8 қазан күні мәреге жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039202-bul-altynga-bergisiz-qola-qazaqstan-quramasy-estafetada-kutpegen-zerden-uzdik-ustikke-endi/

pixel