Қазақстандық спортшылар Сергей мен Тимофей Емельяновтар байдарка мен каноэде есуден Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ағайынды Емельяновтар байдарка мен каноэде ескек есуден ерлердің жұптық сайысы финалында 1000 метр қашықтықты 3 минут 49.991 секундта бағындырып, мәреге екінші болып келді.
Бұл - спортшыларымыздың Азия ойындарында алған екінші жүлдесі. Кеше Сергей Емельянов Тимур Хайдаровпен бірге Азиада чемпионы атанса, Тимофей Емельянов жекелей сында қола жүлдеге қол жеткізген еді.
Оған қоса, байдарка мен каноэде есуден Қазақстан құрамасы екі күміс медаль иеленді.
Каноэде есуден жұптық сында (500 метрге жарыс) қазақстандық Мария Бровкова мен Руфина Ысқақова күміс медальға қол жеткізсе, байдарка есуден (500 метрге жарыста) жұптық сынның финалында Ирина Подойникова мен Ольга Шмелева екінші орынды алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039245-aziya-oiyndary-agaiyndy-emelyanovtar-el-qorzynyna-segizinsi-kumis-medaldi-saldy/