Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нәтижені қабылдадық": Ағайынды Емельяновтар күміс жүлдесіне қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Сергей және Тимофей Емельяновтар марапаттау рәсімі кезінде
Сергей және Тимофей Емельяновтар марапаттау рәсімі кезінде Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында каноэде есуден күміс жүлдеге ие болған Тимофей мен Сергей Емельяновтар өз жетістіктеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тимофей Емельянов үшін бұл төртінші Азия ойындары болған. Спортшы жұптық сында бауырымен күміс медаль алғанына қуанышты екенін жеткізді.

"Азия ойындарына төртінші рет қатысып тұрмын. Бұл менің бесінші медалім. Кеше қола алдым, Сергей алтын иеленді. Бүгін екеуіміз бірге күміс алып отырмыз. Жұптық сында бірінші рет бірге шығып тұрған жоқпыз. Соңғы он жылда ірге жаттығып дайындалып жүрміз. Не дегемен менің жасым кетіп барады. Қысқа қашықтықта баяу болып барамын. Сол себепті кеше өз орнымды Тимур Хайдаровқа босаттым. Сергей екеуі жарады, елге алтын әкелді. Біздің ісімізді жалғастырар жас спортшылар бар. Жарыстан кейін эмоция біртүрлі болып тұр. Кішкене өзімізге келіп, қорытынды жасаймыз. Нәтижені қабылдадық. Құшақтасып, бір-бірімізді құттықтадық. Күміс те жақсы", - деді Тимофей Емельянов.

Сергей Емельянов бұл жарыстың нәтижесін бапкермен талқылап, алға жоспар құратындарын айтты. Спортшы қарсыластары бүгін мықтырақ болғанын мойындады.

Айта кетейік, бұған дейін ағайынды Емельяновтардың каноэде есуден Азия ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алғанын хабарладық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039282-natizeni-qabyldadyq-agaiyndy-emelyanovtar-kumis-zuldesine-qatysty-pikir-bildirdi/