Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рината Сұлтанова: Екінші орынға санаулы секунд жетпеді

Опубликовано:

Рината Сұлтанова қарсыластарымен марапаттау рәсімі кезінде
Рината Сұлтанова қарсыластарымен марапаттау рәсімі кезінде Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

Азия ойындарында тас жолдағы велоспорттан қола жүлдеге ие болған Рината Сұлтанова жарыстан кейін сұхбат беріп, жетістігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Отандасымыз жарыстан кейінгі әсерін айтып, өз өкінішін жеткізді.

"Құттықтауларыңызға рахмет. Біз бұл жетістікке дайындалдық, үмітті болдық. Не болатынын білдім десем де болады. Екінші орынға санаулы секунд жетіспеді. Әрине, өкінішті. Демек, солай болу керек, қола бұйырып тұр. Тас жолы ауыр деп айта алмаймын. Аса бұрылыстар да жоқ. Тек мәренің алдында бар", - деді Сұлтанова.

Айта кетейік, 3 қазан Қазақстан құрамасы үшін жүлделерден басталды.

Алдымен тас жолдағы велоспорттан ел намысын қорғаған Рината Сұлтанова қола жүлдегер атанса, ағайынды Емельяновтар каноэде есуден жұптық сында күміс жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ Мария Бровкова да ел қоржынына медаль салды. Ол 200 м қашықтыққа каноэде есуден жекелей сында үшінші (49.368 секунд) болып, Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.

Әйелдер арасында каноэде есуден жұптық сында Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039262-rinata-sultanova-ekinsi-orynga-sanauly-sekund-zetispedi/

pixel