jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Бапкер: Байдарка мен каноэде есуден командалық есепте екінші орында тұрмыз

    Қайсар Нұрмағамбетов сұхбат беруде
    Қайсар Нұрмағамбетов сұхбат беруде Видеодан кадр: Instagram/qazolympic

    Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайсар Нұрмағамбетов жарыстан кейін пікір білдіріп, Азия ойындарын қорытындылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Нұрмағамбетов жазғы Азия ойындары Қазақстан құрамасы үшін жүлделі болғанын алға тартты. Бүгінде ел құрамасы командалық есепте Қытайдан кейін екінші орында тұр. Бапкердің айтуынша, бұл жақсы жетістік.

    "Нәтиже жаман емес. Бір алтын, төрт күміс, үш қоламыз бар. 12 жиынтықтың сегіз медалін алып тұрмыз. Енді алтынға жетпей қалдық. Қытай құрамасы мықты болып тұр. Олардың сапында әлем және олимпиада чемпиондары бар. Командалық есепте Қытайдан кейін екінші орында тұрмыз. Жаман нәтиже емес. Болашақта жұмыс істеуге болады. Келесі Азия ойындарына дайындаламыз. Алдымызда жастар шығып жатыр. Бровокова, Искакова, Киселева сынды қыздарымыз өсіп жатыр. Келесі жылы Жапонияда іріктеу турнирі өтеді. Соған дайындықты бастаймыз", - деді Нұрмағамбетов.

    Бапкер: Байдарка мен каноэде есуден командалық есепте екінші орында тұрмыз

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.