Алтынға таласады: Карина Ибрагимова Азия ойындарының финалына шықты
Опубликовано:
Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Карина Ибрагимова орташа салмақта тәжікстандық қарсыласын ұтып, Азия ойындарының финалына шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Отандасымыз 57 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалда тәжікстандық Мижгона Самадованы жеңіп кетті. Жекпе-жек 3:2 есебімен аяқталды.
Карина Ибрагимова енді финалда Тайбэй боксшысы Лин Ю Тинмен алтын медаль үшін жұдырықтасады.
Айта кетейік, бұған дейін қазақ боксшысы Қамшыбек Қоңқабаевтың да Азия ойындарының финалына шыққаны белгілі болды. Спортшы аса ауыр салмақта сынға түсті. Ол жартылай финалда үндістандық боксшыны 5:0 есебімен жеңді.
Қоңқабаев Қазақстан ерлер құрамасы сапынан Азия ойындарының финалына шыққан және Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленген жалғыз қазақ боксшысы атанды.
Сондай-ақ грек-рим күресінен төрт балуанымыз да жүлде үшін таласатын болады. Мейіржан Шермаханбет Азия ойындарының алтыны үшін, ал Айдос Сұлтанғали, Азат Садықов пен Мақсат Сайлау қола жүлде үшін күреседі.
- Грек-рим күресі: ұлттық құраманың 3 балуаны Азия ойындарының қола жүлдесіне таласады
- Финалға шықты: ірі есеппен жеңіліп жатқан Шермаханбет қарсыласының жауырынын жерге тигізді
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039484-altynga-talasady-karina-ibragimova-aziya-oiyndarynyn-finalyna-syqty/