Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Финалға шықты: ірі есеппен жеңіліп жатқан Шермаханбет қарсыласының жауырынын жерге тигізді

Опубликовано:

Мейіржан Шермағанбет Азия ойындарында
Мейіржан Шермағанбет Азия ойындарында Фото: Olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық балуан Мейіржан Шермағанбет Азия ойындарының жартылай финалында ұтылып жатып, қарсыласының жауырынын жерге тигізді. Отандасымыз енді финалда алтын үшін күреседі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мейіржан Шермағанбет 67 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалда ирандық Даниал Сейед Сохрабиді жеңіп, Азия ойындарының финалына шықты.

Қазақ балуаны бастапқыда 0:7 есебімен ұтылып келе жатты. Алайда соңына қарай ирандық спортшының жауырынын жерге тигізіп, жеңіске жетті.

Отандасымыз финалда алтын медаль үшін жапондық Катсуаки Эндомен күреседі.

Айта кетейік, бүгін грек-рим күресінен қазақстандық балуандар боз кілемге шығып, ел намысын қорғауда.

Отандастарымыз Азия ойындарын сәтті бастады. 77 келі салмақ дәрежесінде белдескен Азат Садықов тайландтық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп (8:0), келесі кезеңге жолдама алды.

Сондай-ақ 60 келі салмақта ел намысын қорғаған Айдос Сұлтанғали тайпей балуанын тізе бүктірді. Кездесу 11:1 есебімен қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039445-finalga-syqty-iri-eseppen-zenilip-zatqan-sermaxanbet-qarsylasynyn-zauyrynyn-zerge-tigizdi/

pixel