jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Азиадада "әділетсіздікке тап болды" делінген Асланбек Шымбергенов Қазақстанда бағалы сыйлық алады

    Асланбек Шымбергенов
    Асланбек Шымбергенов. Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

    Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында сенсациялық жеңіліске ұшыраған Асланбек Шымбергеновке Қазақстанда қолдау көрсетілмек. Бокстан Қазақстан құрамасының капитанына бағалы сыйлық тарту етіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Асланбек Шымбергенов 71 келі салмақ дәрежесінде Азия ойындарының жартылай финалында жапониялық Севон Оказаваға сенсациялық түрде жеңіліп қалды. Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Жапония өкіліне берді.

    Төрешілердің бұл шешімі үлкен дау тудырды. Қазақстан бокс федерациясының төрағасы Кеңес Рақышев Шымбергеновке әділетсіздік жасалғанын айтып күйінді.

    Барша қазақстандық әлеуметтік желіде бокс құрамасының капитанына қолдау білдіріп, аталған жекпе-жекте оның жеңімпаз болғанын жазуда.

    Ханчжоуда жеңіліс тапқан боксшымызға енді өз елінде үлкен қолдау көрсетілмек. Қазақстанға оралған бойда федерация басшысы Шымбергеновке автокөлік сыйға тартады.

    "Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев барлық қазақстандықтармен берге өз чемпионына қолдау көрсетеді. Елге оралған соң Асланбек Шымбергеновке ҚБФ басшысының атынан автокөлік сыйлыққа беріледі. Асланбек Шымбергенов – қазақтың нағыз батыры", - делінген бокс федерациясының ресми Instagram парақшасында.

    Азиадада "әділетсіздікке тап болды" делінген Асланбек Шымбергенов Қазақстанда бағалы сыйлық алады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.