Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дидар Әмірәлі Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Опубликовано:

Дидар Өмірәлі
Дидар Өмірәлі. Фото: olympik.kz/Cабиров Сали

Каратэші Дидар Әмірәлі Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында WKF каратэден Ұлттық құрама қоржынына кезекті күміс медальді салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақ спортшысы 67 кг дейінгі салмақтың қола жүлдесі үшін жекпе-жекте ирандық Амир Заде Махдиді 7-2 есебімен жеңді.

Дидар үшін бұл медаль - жазғы Азиаданың екінші медалі. Ол 5 жыл бұрын Джакартадағы сары құрлық Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған еді.

Ал оның қарсыласы осымен төртінші рет Азия ойындарына қатысып тұр. Ирандық татами шебері 60 кг дейінгі салмақта 2014 жылы Инчхонда чемпион атанып, 2018 жылы Джакартада күміс жүлдеге ие болған. Тағы 2 дүркін әлем және Азия жеңімпазы деген атағы бар.

Дидар Өмірәлі жартылай финалда Иордания құрамасының спортшысы Абдель Рахман Алмасатфадан 2-10 есебімен жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды.

Қазір Қазақстан делегациясының еншісінде барлығы 72 медаль – 9 алтын, 19 күміс пен 44 қола бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2040003-didar-amirali-aziya-oiyndarynyn-kumis-zuldegeri-atandy/

pixel