Ясмина Тұяқова мен Арина Пушкина Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Опубликовано:
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында артистік жүзуден қазақстандық спортшылар Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина қола жүлде алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Артистік жүзуден дуэт бағдарламасы бойынша жарысқа қатысқан 17 жастағы Ясмин Тұяқова менАрина Пушкина 418.6987 ұпаймен қола жүлде қол жеткізді.
Бұл сайыста алтын медальді 526.8620 ұпаймен Қытай командасы иеленді. 489.4288 ұпай жинаған жапониялық жұп күміс медаль алды.
Айта кетейік, ертең - Азия ойындарының соңғы күні.
- Азиада-2023: Су добынан ерлер құрамасы Қазақстанға қола сыйлады
- Шахматтан әйелдер құрамасы Азиаданың қола жүлдесін еншіледі
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2040022-yasmina-tuyaqova-men-arina-puskina-aziya-oiyndarynyn-qola-zuldesin-zenip-aldy/