jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Әмір Омарханов Оңтүстік Кореядағы жарыстың жеңімпазы атанды

    Әмір Омарханов жарыста
    Әмір Омарханов жарыста Фото: Қазақстан теннис федерациясы

    Оңтүстік Кореяда жасөспірімдер арасында екінші санаттағы ITF Juniors - J300 WANJU турнирі мәресіне жетті. Беделді жарыста Әмір Омарханов (200 ITF Juniors)тамаша өнер көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстен теннис федерациясына сілтеме жасап.

    Қазақстандық теннисші үшінші айналымда жасөспірімдер арасында әлемнің 45-ші, доданың екінші ракеткасы, оңтүстіккореялық Джангжун Кимді қапы қалдырды - 6:7, 7:6, 6:3.

    Әмір ширек финалда тағы бір корт иесі Юн Сун Йонгты жолдан тайдырды - 6:3, 6:3.

    Жартылай финалда жасөспірімдер арасында әлемнің 41-ракеткасы, аустралиялық Хайден Джонесті жеңді - 6:1, 6:0.

    Титул үшін бәсекеде Қарағанды теннис мектебінің түлегі үндістандық, рейтингте 61-орындағы Юван Нандалдан басым түсті - 6:2, 6:2.

    Осылайша, Әмір Омарханов ITF Juniors жарысында төртінші титулына қол жеткізді.

    Әмір Омарханов Оңтүстік Кореядағы жарыстың жеңімпазы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.