jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Теннистен әлем чемпионаты: Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғайтын спортшылар кім

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Robert Prange/Getty Images

    Қазақстан әйелдер құрамасының Севильяда (Испания) өтетін командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңі – Билли Джин Кинг кубогына қатысатын құрамы белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

    Ярослава Шведова бастаған Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы келесі ойыншыларды іріктеп алды: Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Анна Данилина, Жібек Құламбаева және Аружан Сағандықова.

    Қазақстан құрамасы жеребе тарту рәсімінің нәтижесі бойынша "В" тобына түсті. Ұлттық құрама Словения мен Австралия командаларымен бақ сынайды. Австралиялық спортшылар өткен жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері болды.

    "Билли Джин Кинг кубогы" 7-12 қараша аралығында Испанияның Севилья қаласында өтеді. Қазақстаннан басқа бұл турнирге тағы 11 команда қатысады. Олар: Швейцария (2022 жылғы "Билли Джин Кингкубогінің" жеңімпазы), Австралия, Франция, Канада, Чехия, Италия, США, Испания, Словения, Германия и Польша.

    Теннистен әлем чемпионаты: Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғайтын спортшылар кім

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.